2021-2022 оқу жылы "Қаратал орта мектебі" КММ бойынша ыстық тамақтың ұйымдастырылуы » КГУ 'Средняя школа Каратал'КГУ 'Средняя школа Каратал'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Қаратал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылы "Қаратал орта мектебі" КММ бойынша ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
12
ноябрь
2021

2021-2022 оқу жылы "Қаратал орта мектебі" КММ бойынша ыстық тамақтың ұйымдастырылуы

Қаратал орта мектебінде  аз қамтылған, көп балалы аз қамтылған, ата-анасының қамқорынан айырылған отбасының 106 оқушысы қыркүйек айының 2-нен бастап тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. 1-4сыныпта 53 оқушы, 5-7сынып  25 оқушы, 8-11сынып  28оқушы тамақтанып отырса, 1-4 сыныптағы 151оқушы аптасына 2рет айран мен сүт ішеді. Ыстық тамақ екі кезекте ішіледі.1 кезекте 52, 2 кезекте 54 оқушы, Ыстық тамақтың сапалы берілуін қадағалау мақсатында комиссия құрылған. 
Комиссия мүшелері: Құралханова С
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Тымақбаева Ш-мектеп медбикесі
Комиссия төрайымы
Желдибаева А-мектеп аға тәлімгері
Оспанов А-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бағжанова С-ата-аналар комитетінің мүшесі
         Тамақтануды ұйымдастыру кезінде Сан ЕН нормаларының негізінде мектеп асханасындағы оқушыларды тамақтандырудың ұйымдастыруын бақылау,тағам   технологиясын сақтау, азық-түліктің сапасын мерзімдік бақылау үшін бракераж комиссиясы құрылды. Комиссия құрамы 5адамнан тұрады.
  1. Байсеитова Ж.М- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. Тымақбаева Ш.А- мектеп медбикесі
  3. Құдайбергенова Н.К- мектеп психологы
  4. Боргебенова Қ.С- ата-аналар комтетінің төрайымы
  5. Күленова Р-бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі
Мектеп асханасындағы шектеу іс-шараларын оның ішінде карантин енгізу кезінде білім ұйымдарында қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптардың ондалуы тексерілді.Мектеп ғимаратына оқушыларға күнделікті термометрия жүргізіледі.Асханаға кіре берісте қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған орын, кіре беріс есікте дезковрик бар.Тұрақты қол гигиенасы үшін қолды  сабынмен жууға арналған қолжуғыштар орналастырылған.Асхана қызметкерлерінің жұмыс істеу кезінде бір реттік медициналық маскалармен дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді.
         Асханаға мониторинг комиссиясы, бракераж комссиялары тексеріс жүргізіп, отырады.
         Комиссия мүшелері мониторинг жүргізу барысында  тамақ өнімдерінің сапасын, тоңазытқыштардың жарамдылығын, тамақ өнімдерін сақтайтын қоймалардың жағдайын асхана тазалығын, ыдыс-аяқтың  жағдайын қарап шықты. Қойма тазалығы жақсы, артық зат жоқ, тамақ өнімдері рет-ретімен полкаларға қойылған. Тәуліктік сынама алынып, тоңазытқышқа салынған. Асхана тазалығы жақсы.Мектеп медбикесі асхана қызметкерлерін күнделікті тексеріп отырады.
         Күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітіліп, ілінген. Оқушылардың тамақтану жағдайын анықтадық.Тағамның менюге сәйкестігі бақыланды.Мектеп медбикесі асхана қызметкерлерін күнделікті тексеріп, ауруы бар-жоғын анықтап,қызметкерлердің жұмысқа жіберуге рұқсат ету журналына тіркеп жазған.Бракераж журналы толтырылған.Тәуліктік сынама алынған.