28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай педагогтер арасында «Қауіпсіз еңбек – сапалы білім кепілі» тақырыбында мазмұнды дебат турнирі » КГУ 'Средняя школа Каратал'КГУ 'Средняя школа Каратал'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Қаратал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай педагогтер арасында «Қауіпсіз еңбек – сапалы білім кепілі» тақырыбында мазмұнды дебат турнирі
24
апрель
2026

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай педагогтер арасында «Қауіпсіз еңбек – сапалы білім кепілі» тақырыбында мазмұнды дебат турнирі

Зайсан ауданы, Қаратал орта мектебінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай педагогтер арасында «Қауіпсіз еңбек – сапалы білім кепілі» тақырыбында мазмұнды дебат турнирі ұйымдастырылды. Аталған іс-шара ұстаздар қауымының еңбек қауіпсіздігіне деген көзқарасын нығайтуға, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Дебат барысында қатысушылар еңбек қорғау талаптарының маңыздылығы, педагогтердің қауіпсіз әрі қолайлы ортада қызмет етуі, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік мәселелерін жан-жақты саралады. Әрбір команда өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен жеткізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, еңбек қауіпсіздігіне деген саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара қорытындысында белсенділік танытып, ұтымды ойлары мен нақты дәлелдері арқылы ерекшеленген ұстаздарға алғыс білдірілді. Осындай тағылымы мол шаралар ұжымдағы қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және әрбір қызметкердің денсаулығы мен өміріне деген жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.
#ДүниежүзілікЕңбектіҚорғауКүні #ЕңбектіҚорғау #ҚауіпсізЕңбек #МектепӨмірі #Дебат