Әжелер сайысы 2017
Қаратал ауылдық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аналар күніне орай «Ақ әжеміз-бір дастан » атты әжелер сайысы өтті. Кейінгі ұрпаққа үлгі көрсетіп, дәстүрімізді ұлықтап, ұлттық қазынамыз бола білген әжелеріміз өз өнерлерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қаратал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанна Жағыпарова жеңіп алды. 1 орында Айгул Серғалиева (Үлкен Қаратал ауылының әжелер ансамблінің жетекшісі), 2 орында ең қарт сайыскер, 80 жастағы Қалима Исаева (Қаратал ауылының әжелер ансамблінің жетекшісі) және Қайнижамал Ақбаева (Қаратал ауылының әжелер ансамблінің мүшесі), 3 орынды Гулнар Қошқарбаева (Қаратал әйелдер кеңесінің мүшесі) және Карима Ихабатова (Қазақстан орта мектебінің мұғалімі).
Н.Калиева