15
март
2017
Қайырымдылық көмек
«Қазақстан - қайырымдылық мекені» акциясы шеңберінде Қаратал орта мектебінің мұғалімі Серікова Лаура өзінің 4 А сыныбының балаларын мешітке тазалық күнін өткізуге апарды. Сыныбының жартысы мектеп кітапханасында «Шаңмен күресу» күнін өткізді. Балалар имандық мекеніне барып, өздерінің апалары, аталары, ағалары, апайлары намаз оқитын жерінде тазалық жұмыстарын жасап, қайырымдылықты іс жүзінде үйренді. Қаратал орта мектебінде тимуршылар топтары үнемі осындай игі істерге араласып келеді. Бір-бірімізге әрқашан қайырымды, мейірімді болайық. Ізгі амалдарды жасауға асығайық. Жақсылықта жарысайық!
Н.Калиева
Н.Калиева