Өз өлкеңді таны.Кітаптарға шолу » КГУ 'Средняя школа Каратал'КГУ 'Средняя школа Каратал'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Қаратал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өз өлкеңді таны.Кітаптарға шолу
21
март
2017

Өз өлкеңді таны.Кітаптарға шолу

Жасөспірімдерге арналған шолу.
Қымбатты оқырмандарым, сендердің назарларыңа өзіміз тұрып жатқан өлкеміз туралы біраз кітаптарды ұсынайын.
«Алыста жүрсем-аңсарым менің,
Шөліркеп қалсам-кәусарым менің.
Кеудемде жүрек жарыла жаздап,
Сүйемін сені, Зайсаным менің !» -деп көрнекті ақын Тоқтарбек Әбдрахманұлы Қызықбаев жырлағандай менің ұсынып отырған кітаптарым осы Зайсан өңірі жайында.
Жапаров Б.т.б. Зайсан асулары: тарихи-публицистикалық очерктер / Б.Жапаров, Р.Түлкин, Б.Құдабаев, М.Байкөбекова.-Алматы: Баспа, 1998.-191 б. Бұл Зайсан туралы шыққан тұңғыш кітап. Авторлар ұжымы осы кітапты дайындау үстінде уақыттың тығыздығына қарамастан, шығармашылық ізденістерге барып, өткен кезеңдердің ұңғыл- шұңғылына терең бойлап, ғасырлар қойнауынан суыртпақтап сыр тартуға, сөйтіп, қал-қадерінше аудан шежіресін жасауға күш салды. Көп нәрсе қамтылмағаны ақиқат. Оны толықтырып, ілгері жалғастыра беру- болашақтың ісі. Зайсан тұтқасын ертең қолға ұстайтын жас буын үшін ауадай қажет кітап.
Алтыбаев Қ.Қ. Атамекен Зайсан / Қ.Қ.Алтыбаев.-Өскемен:Рекламный Дайджест,2006.- 505 б. Бұл кітапта автор Зайсан өңірі жөнінде жазылған энциклопедиялық сипаттамада сонау ерте заманнан бастап осы дәуірге дейінгі аралықты сабақтастырып, бүгінгі тыныс-тіршілік, жетістіктерді сөз еткен. Өткен ғасырлардағы шектен асқан отарлау саясаттағы бейбастақтықтар күні кешегі өзгерістер тиянақты тұжырымдалған.
Зайсан.фотоальбом / Құраст. Қ.Алтыбаев.-Алматы: Елнұр, 2008.- 208 б. Ұлан байтақ еліміздің қай түкпірінде болмасын осы қасиетті аймақ жайлы көп есітіп, көп біліп, өз көздерімен көргісі келетіні анық. Зайсан қаласының 140 жылдығы, ауданның 80 жылдығына шыққан осы фотоальбом – кітапта өңірдің алыс-жақын тарихынан бастап, бүгінгі тыныс –тіршілігі мен жетістіктері сөз етіледі. Зайсанға арналған тұңғыш фотоальбом.
Жапаров Б. Қазақтың құт қонған Зайсаны / Б.Жапаров.-Өскемен: Рекламный Дайджест, 2011.-456 б. Қиыр шеттегі шекаралық Зайсан ауданы тәуелсіздік жылдарында танымастай өзгерді. Ежелден елі дархан, жері бай Зайсан ажарлы да базарлы, гулжазиралы атамекенге айналды. Ауданның 20 жылдағы өркендеуіне,тыныс-тіршілігіне арналған бұл кітап танымдық мақсатты көздейді.
Алтыбаев Қ.Қ. Ұстаз - елдің тірегі, мектептің жүрегі. / Қ.Қ.Алтыбаев.-Өскемен: Рекламный Дайджест, 2011.- 404 б. Бұл кітапта Зайсан өңіріндегі оқу-ағарту саласының алыс-жақын тарихынан басталып, бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктері, өркендеуі, өзгерістері сөз болады. Құнды фотосуреттер, ерекше еңбегі сіңген, ұстаздар династиясы өкілдері, еңбек етіп жүрген ұстаздардың бейнелері топтастырылған.
Жапаров Б.С. Майдан,тыл ардагерлеріне-тағзым ! / Б.С.Жапаров, Т.Қ.Мырзақанов, Қ.Қ.Алтыбаев.- Өскемен: Рекламный Дайджест, 2015.- 404 б. Зайсандықтар майданда ерлікпен шайқасты, соғысқа аттанған 6569 адамның 2632 - і елге оралмады, кескілескен ұрыстарда Отан үшін өмірлерін қиды. Бұл кітап қазір арамызда жоқ ардагерлерге арналған ескерткіш, бүгіндегі ортамызда жүрген майдангерлер мен тыл ардагерлеріне шынайы құрмет деп санауға болады. Бұл кітап келер ұрпаққа қалдырар ерлік, жанқиярлық еңбек мұрасы, тәлім-тәрбие алар, есте сақтар қажетті рухани құрал, оқулық.
Алтыбаев Қ.Қ Қаратал ауыл округінің бүгіні мен өткені / Қ.Қ.Алтыбаев.- Өскемен: Рекламный Дайджест,2015.-504 б Бұл Зайсан ауданда ең ірі ауылдық округіне арналып жазылған кітап. Автор осы округтың тарихы мен тағдыры, қасіретті жылдар, майдан және тыл ардагерлері, аттары ұмытылмай сақталған киелі (әр сала бойынша) есімдер, ауыл шаруашылығын ұйымдастырушылар, қарапайым еңбегімен аянбай тер төгіп көпшілікке танымал болғандар, ұлағатты зиялы азаматтар, әр түрлі мамандық иелері, кәсіпкерлер, ардақты ата-апалар туралы деректерді жинақтап, естіген, көргендерін саралап оқырманға ұсынады. Өткеніміз- бүгіннің, бүгініміз – ертеңнің мұрасы. Кітап елінің,жерінің тарихын, халық даналығын білгісі келген ұрпаққа арналады.
Осы кітаптарды кітапханада оқуға болады.
Қазіргі кездегі мәліметтерді Зайсан аудандық «Достық» газетінен және ғаламторда осы сілтемелер арқылы оқып –білуге болады: https://ok.ru/karatalzay, https://vk.com/id333201042, https://vk.com/karatal_myvillage, https://vk.com/public108440821, https://vk.com/nkalieva63, https://my.mail.ru/mail/nazira.kalieva.63/photo/132, http://www.tylek.kz/social/profile, http://karatal.mektebi.kz/main/4-ktaphana-zhaalytary.html, https://www.facebook.com/profile.php?id=100005115519012 .Ғаламторда Қаратал туралы блогерлер: Алеся Грищенко (Матвеева)(Каратал.Зайсанский район.одноклассники), Қуандық Зәкенов (Туған жерім Қараталым ВКонтакте), Назира Калиева (Қаратал-көрікті ауыл.Зайсан ауданы.ВКонтакте) .
Қаратал орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Н.Калиева.