21
март
2017
Ағайынды Мұхаметқалиевтар кітапханамен танысты.
20 наурызда Қаратал мектеп кітапханасына кітапхана жұмысымен танысу мақсатында Шалқар ауылының тумалары ағайынды Фархат пен Ринат келді. Ағайындылар туған ауылдарына рухани ошақ - кітапхана ашпақ оймен жергілікті кітапханалардың тыныс-тіршілігімен танысып, заманауи кітапхана ұйымдастырмақшы. Тәжірибелі кітапханашы Н.Калиеваға қойған сұрақтары орынды болды: кітап қоры қанша, қандай кітаптармен жабдықтау керек, не нәрсеге назар аудару керек, баланы қалай кітап оқуға қызықтыру керек, жұмыс уақыты қандай болу керек, т.б. Н.Калиева бірінші кезекте көбірек қазақ ертегілерімен кітап қорын қамтамасыз ету керектігіне назар аударды, одан кейін балаларға арналған мерзімді басылымдарға міндетті түрде жазылу керектігін айтты, Назарбаев интеллектуалды мектебінің сайтындағы "100 кітап" жобасындағы кітаптар тізімін басшылыққа алуды ұсынды, жаңадан ашылатын кітапхана міндетті түрде ғаламторға қосылған заманауи компьютермен жабдықталуын ескертті, кітапханашыны дұрыстап зерделеп тағайындауды ұсынды. Ал мектеп директоры Майгул Бопанқызы Сәрсенбаеваның ойынша кітапханана қызметкері маман болу керек, жұмыс уақыты аптасына 3 толық күн болу керек. Шалқар ауылында ауыл тұрғындарының қолдаумен хатымхана-халял тойхана, жанында кітапхана, спорт модулі де бұйырса салынбақ. Міне осындай игі істер 101 оқушы тұратын шағын көрші ауылымызда жүзеге аспақ. Ауылдың өзінде бастауыш мектеп бар, онда 51 бала оқиды. 50 баланы көрші Көгедай ауылына орта мектепке автобуспен тасымалдайды. Шалқарлықтардың игі істері жалғасын таба берсін. Баланың болашағын ойлайтын азаматтарымыздың саны көбейе берсін!
Н.Калиева, кітапхана меңгерушісі
My Webpage
Н.Калиева, кітапхана меңгерушісі
My Webpage