30
март
2017
Ғылыми жобалар байқауында Бекарыстың жетістігі
2016-2017 оқу жылында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Нұрорда» мектеп –лицейдің базасында өткен жалпы білім беретін пәндердің 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл білім додасында Зайсан аудандық кезеңінің жеңімпазы, Қаратал орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қалиғумаров Бекарыс 1 орынға ие болды. Бекарыстың бәсекеге қатысқан саласы – экономика. Ғылыми жетекшісі жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі Қалиева Нәфиза Қыдырханқызы.