Мектеп кітапханалары тәуелсіздік жылдарында. » КГУ 'Средняя школа Каратал'КГУ 'Средняя школа Каратал'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Қаратал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кітапханалары тәуелсіздік жылдарында.
30
март
2017

Мектеп кітапханалары тәуелсіздік жылдарында.

Мектеп кітапханалары тәуелсіздік жылдарында.
Білім саласындағы кітапханалардың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері міне 25 жыл да өтіпті. Кітапханалар - әрқашанда насихат жолында алғы шепте болады. Елбасының Қазақстан Республикасының өркендеуіне істеп жатқан әрекеттерін насихаттаушы да кітапханашылар. Тәуелсіздік жылдарында Зайсан ауданының кітапханалары да талай сынақтан өтіп , «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы кітап қорлары толығып, насихат жұмысы одан әрі жандана түсті. Мектеп кітапханалары білім саласында болғандықтан , мемлекет тарапынан бірінші кезекте оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіліп отырды. Аудандық білім бөлімінде кітап қоры әдіскерінің кітапханашының кәсіптік деңгейін көрсетуге, көтеруге көп ықпал ететіні сөзсіз. Бұл орайда әсіресе әдіскерлер Сазанбаева К., Бозтаева Ғ. еңбегін ерекше атағым келеді. Себебі олар тәуелсіздік жылдарында аудандағы мектеп кітапханашыларының бәсекеге қабілеттігін жоғарғы деңгейге жеткізген. Түрлі қиыншылықтарға қарамастан тәжірибелі кітапханашылар өздерінің кәсіптік деңгейлерін облыстық дәрежеде дәлелдеп келеді. 2002 жылы Өскемен қаласында мұғалімдердің білім жетілдіру институтында тұңғыш рет мектеп кітапханашыларының «Үздік кітапхана 2002» облыстық байқауы өтті. Зайсандықтардың намысын Н.Калиева қорғап 1 орынды жеңіп алды. 2004 жылғы облыстық «Үздік ауылдық мектеп кітапханасы» байқауында А.Сейтқазина қатысып 3 орынды иеленді. 2008 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау» атты кітапханашылардың облыстық сырттай сайысында Н.Калиева 2 орынды иеленді. 2009 жылы «Мектеп кітапханашыларының кітап оқуды дамыту жөніндегі инновациялық жобаларының облыстық жәрмеңкесінде» Ж.Жақсыханова 2 орынға ие болды. Жаңашыл кітапханашылардың еңбегін білім саласы басшылары жоғары бағалап, тәуелсіздік жылдарында бірқатар мектеп кітапханашыларын Алғыс хатпен, Мадақтамамен, Құрмет Грамотасымен облыстық деңгейде марапаттады. Атап айтқанда: Н.Калиева (Қаратал а.), Д.Каримова (Зайсан қ.), Ж.Жаксыханова (Дайыр а.), З.Мырамытова (Зайсан қ.), А.Сейтқазина (Шілікті а.), Сләмбекқызы Г.(Сартерек а.). Аудандық кәсіптік байқауларда соңғы жылдары жақсы нәтиже көрсетіп жүрген мамандарды да атау орынды. Олар: Байшуақова С.(Айнабұлақ а.), Марқабаева А.(Қарабұлақ а.), Төлегенова Б.(Подхоз а.), зайсандықтар Сағытаева Ғ., Кемелбаева С.,Нургалиева Г, Какеева А . Жалпы әр кітапханашы жұмысты жан-тәнімен беріліп істейді десем қателеспеймін. Себебі мамандықтың өзі адамгершілікті, ізгілікті, қайырымдылықты талап етеді. Қазіргі кезде ауданда 6316 бала-оқырманға 27 кітапханашы , олардың жиырмасы арнайы кітапханалық білімді және жеті мұғалім қызмет етуде. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы тұрақты болса - ол кітапханашының еңбегі. Кітапханашы мамандығы заманауи технологиялар дамыған сайын өзін жояды дегенге келіспеймін. Мамандық үнемі даму , жетілу үстінде. Кітапханашылар күнделікті өз білімдерін жетілдіруде. Өйткені кітапханашы өз оқырманынан бір қадам алда болу керек. Әр кітапханашыға саналы оқырман тілеймін. Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Назира Қыдырқанқызы, жоғарғы санатты кітапханашы.