01
апрель
2017
"Мектеп және қоғам" газеті
Қаратал орта мектебі ұжымы 2017 жылдың ақпан айынан бастап шыға бастаған аудандық "Мектеп және қоғам" газетіне 51 данаға жазылды. Газеттің редакторы Еркебұлан Серікұлы Зағыпаров,ақын,журналист. Газетті ата-ана, оқушы, мұғалімді тығыз байланыстыру мақсатында Зайсан аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Қабиолда Ергедікұлы Сайранов пен білім бөлімінің басшысы Нұрлыбек Айтмұқашұлы Қалибаев ұйымдастырды. Әзірге 500 данамен айына екі рет шығып жатқан газет келешекте мол сұранысқа ие болады деген сенімдемін. Аудандық кәсіподақ ұйымы мектептің бес қамту қызметкеріне және кітапханаға газеттің жылдық жазылымын сыйлады.
Н.Калиева
Н.Калиева