Шаңғышылар » КГУ 'Средняя школа Каратал'КГУ 'Средняя школа Каратал'
Шығыс Қазақстан облыс
Зайсан ауданы білім бөлімінің
"Қаратал орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2017

Шаңғышылар

28 қаңтарда Алматыда өтетін Қысқы 28-ші Универсиаданы қолдау мақсатында Зайсан ауданы Сартерек ауылында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен классикалық шаңғы жүрісінен ересектер және оқушылар арасында жарыс өтті. Спортшылар алдында Сартерек ауыл округінің әкімі Орынбаев Ә.Ә., Сартерек орта мектебінің директоры Турабаева Р.Ю., осы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жақыпов Қ., аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Рахымбаев З. спортшыларға сәттілік тіледі. 14 мектептен 72 ересектер мен балалар қатысқан спорттық шара нәтижесінде жүлдегерлер «Мадақтамалармен» марапатталып,естелік сыйлықтарға ие болды. Қаратал орта мектебінің командасы 1 орынға ие болды. 2 –ші орында Ю.Гагарин атындағы орта мектептің командасы, 3 орында А. Орманбетов атындағы орта мектеп командасы. Жекелеп айтқанда оқушы- ұлдар арасында 5 шақырым қашықтықта 1 орында Саматаев Нұрлан ( Қаратал ), 2 орында Асқарбеков Е. ( Сарытерек ), 3 орында Білімбеков Ұ. ( Сарытерек ). Қыздар арасында 3 шақырым қашықтықта 1 орында Қабиолдаева Зарина ( Қаратал ), 2 орында Тарантаева Арайлым (Қаратал), 3 орында Тынысбекова Маржан (Қаратал) .Ересектер (әйелдер) арасында 3 шақырым қашықтықта 1 орында Калиева Назира, 2 орында Кәкімова Алтынай ( Қаратал ), 3 орында Бакешова Баян (Дәуленов ОМ-интернат). Ересектер (ерлер) арасында 5 шақырым қашықтықта 1 орында Ибраев Жанат ( Дәуленов ОМ - интернат ), 2 орында Омаров Ерік ( Х.Мұстафина мектеп- лицей ), 3 орында Қабиолда Қуанышбек ( Қаратал ). «Біз Қазақстанда өтетін қысқы Универсиаданы қолдаймыз. Сол үшін қысқы спорт түрлерінен шаңғы жарыстарына үнемі қатысамыз.Шаңғы спортымен тұрақты түрде бес жылдан астам уақыт шұғылданып келемін. Шаңғы тебу қыс мезгілінде гиподинамияға қарсы, түрлі аурулардың алдын алуға таптырмайтын емі », - дейді Н.Калиева.Шаңғышылар