25
март
2017
Галина Николаевна Оралжанова
Галина Николаевна Оралжанова.
Галина Николаевна Оралжанова 10 желтоқсан 1949 жылы Зайсан ауданы Қаратал ауылында алғашқы переселенсылардың ұрпағы Дарья Архиповна Половкова мен майдангер Оралжанов Қоқайдың отбасында дүниеге келді. Галина Николаевнаның үлкен ағасы Александр, сіңлісі Наталья, бауыры Сергейде туған ауылында, Зайсан қаласында тұрады. Қаратал ауылындағы М.Горький атындағы орта мектепті 1966 жылы бітірді. Одан кейін Зайсан қаласындағы педкластан неміс тілі мұғалімдігін оқыды. Еңбек жолын өзі оқыған мектебінен бастады. 1971 жылы Алматы қаласындағы шет тілдер пед. институтында француз және ағылшын тілдері мұғалім мамандығын алып шықты. 2001 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін өз мектебіне адал қызмет етті. Бүкіл саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнады. Алдынан сан мыңдаған шәкіртер әр тарапқа қанат қақты. Ерен еңбегінің арқасында « Қазақ ССР білім беруісінің үздігі » төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар Франция елшілігінің арнайы заттай сыйлығымен және аудандық,облыстық,республикалық білім беру бөлімінің мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Зейнеткерлікте болса да бау-бақша өсіріп тынып таппай еңбек етті. Галина Николаевна 13 наурыз 2017 жылы науқастанып қайтыс болды. Ауыл-аймаққа, мектеп ұжымына сыйлы, қадірлі Галина Николаевнаның жарқын бейнесі мәңгі жадымызда сақталады. Қазіргі кезде Галина Николаевнаның шәкірттері де өздері бітірген мектептеріне ұстазы сияқты қызмет етіп келеді.